29.04.2024, 16:54 35636

Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды

Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлады бүгін заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысында премьер-министр Олжас Бектенов.

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы - ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Активтерді қайтару жұмыстары - бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны