03.03.2022, 17:35 40131

Оралов "Аманат" партиясының Болашақ депутаты Аманжол Алтайды таныстырды

"Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін партияның болашақ депутаты - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Алтайды таныстырды.
Оралов "Аманат" партиясының Болашақ депутаты Аманжол Алтайды таныстырды
Сурет: facebook/Асхат Оралов
НҰР-СҰЛТАН. 3 НАУРЫЗ - "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін партияның болашақ депутаты - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Алтайды таныстырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Асхат Ораловтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді. Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін.", - деп Оралов Facebook-те жазды.


Бұған дейін Nur Otan партиясы ресми түрде Amanat аталды деп хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны