02.03.2022, 17:52 19986

Nur Otan партиясы ресми түрде Amanat болып аталды

Nur Otan партиясы ресми түрде Amanat болып аталды
Сурет: пресс-служба партии Amanat
НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - Партияны мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Amanat партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді, деп Amanat партиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«AMANAT» партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны