15.05.2026, 21:45 271
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кешеннің негізгі идеясы - түркітілдес халықтарды әлем тарихында елеулі орны бар, терең философиясы мен мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде дәріптеу. Мұнда ортақ тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге, жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілмек.
Орталықтың архитектуралық шешімі ерекше символикалық мәнге ие. Кеңістікте түркі дүниетанымындағы Тәңір, Ергенеқон, Көкбөрі, Жерұйық, Дала, Өмір ағашы сияқты маңызды ұғымдар бейнеленеді.
Ал мазмұндық құрылымы жағынан экспозициялар бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінеді.
Көрермендер тарихи оқиғаларды терең сезіну үшін виртуалды және толықтырылған шынайылық (VR, AR), голография, жасанды интеллект, иммерсивті дыбыс пен жарық секілді озық технологиялар қолданылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.05.2026, 20:43 401
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттер басшылары XIV-XV ғасырларға тиесілі сирек жәдігерлер көрмесін тамашалады. Ол Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы мен кесененің тарихынан сыр шертеді. Соның ішінде XIV ғасырдан бері сақталған қабірхананың ағаш есігі бар. Есік сүйекпен, қаңылтырмен және алтын жалатылған жазулармен безендірілген. Сондай-ақ куфа мен сулус үлгісіндегі араб мәтінімен өрнектелген.
Мәртебелі меймандарға Әмір Темірдің тапсырысымен жасалған қола шырағдандар, XV ғасырға тән аспалы қола кәндилдер мен айдаһар бейнесінде нақышталған қос құлақты шамдар көрсетілді. Көрменің ерекше сәулеттік элементі - кесене күмбезінің ұшар басында орналасқан көне кубба (мыстан жасалған).
Залдағы аса құнды жәдігердің бірі - XVIII-XIX ғасырларға жататын Қожа Ахмет Ясауи құлпытасының қабіржапқышы. Оның бедерлі ою-өрнектері діни символизмді, геометриялық композицияны, каллиграфияны ұштастырады. Орталық Азиядағы ислам мәдениетінде қабіржапқыш рухани құрметтің белгісі саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2026, 19:40 551
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.
Президенттерге кесененің XIV ғасыр соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынғаны, көлемі жағынан әртүрлі 35 бөлмеден тұратыны жөнінде ақпарат берілді.
Ғимараттың ішкі биіктігі 39 метрді, ал сыртқы биіктік өлшемі 41 метрді құрайды.
Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді.
Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған. Олардың арасында Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани Хикмет", Низамидің "Хамса", Науаидің ғазалдары, Бақырғанидың шығармалары, Фирдоусидің "Шахнама", Физулидің "Ләйлі мен Мәжнүн" дастаны, сонымен бірге "Манас" жырының үзінділері және басқа да сирек кездесетін туындылар бар.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2026, 14:38 686
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.
Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.
Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі - 61 метр.
Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2026, 08:10 57626
Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге арналған әмбебап алаң ретіндегі БҰҰ-ның бірізді қолдаушысы болып табылады және көпжақты диалогты кешенді реформалауға бағытталған "UN80" бастамасын іске асыруға белсенді қатысуда.
Осы тұрғыда Министр Қазақстан Үкіметі мен ЮНФПА арасындағы ана мен сәби өлімін төмендету, жастар денсаулық орталықтарын дамыту және демография мен халық мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты оң бағалады.
Е.Көшербаевтың айтуынша, денсаулық сақтау, жастар саясаты және гендерлік теңдік мәселелері ЮНФПА-мен өңірлік диалогтың маңызды бағыттарының біріне айналуы тиіс.
Осы ретте Министр Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының алаңын ЮНФПА-ның өңірдегі қатысуын кеңейту үшін белсенді пайдалануға шақырды.
Өз кезегінде, Д.Кейта БҰҰ Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жүйелі реформаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның денсаулық сақтау, жастар және отбасы саясатын дамыту, сондай-ақ ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету салаларында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.
Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ұйымның Алматы қаласында демографиялық орнықтылық мәселелері бойынша ЮНФПА-ның Орталық Азия хабын ашу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Аталған хаб өңірдегі демографиялық даму мәселелерін жинақтау, талдау және зерттеу жөніндегі орталыққа айналады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 20:24 57871
Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оның одан әрі кеңею перспективалары бойынша пікір алмасты.
2026 жылғы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 19:39 56636
Астанада ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының ынтымақтастығы талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Онда денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимыл, ана мен баланы қорғау, репродуктивті денсаулық, әйелдер мен жастарды қолдау мәселелері талқыланды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше мән береді. ҚР Үкіметі ұлттық басымдықтарымызға сәйкес БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын. ЮНФПА-ның Астанадағы елдік кеңсесінің жұмысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды үйлесімді түрде толықтырады. Бірлескен күш-жігермен біз неғұрлым әділетті және инклюзивті қоғам құрамыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры өз кезегінде Мемлекет басшысының атына сәлемін жеткізіп, Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. Қордың стратегиялық бастамаларға сараптамалық қолдауды жалғастыруға дайын екендігі атап өтілді.
БҰҰ бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты даму секілді үш басты мақсат негізінде құрылған. Қазақстанның саясаты осы қағидаттарға толық сәйкес келеді. Ана өлімінің төмендеуі елде әйелдер мен халықтың денсаулығына қаншалықты үлкен көңіл бөлінетінін көрсетеді, ал жастарға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында көрсетіліп отырған қамқорлық жоғары бағаға лайық.
Біз ЮНФПА-да Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Мен Қазақстанның жаңа Конституциясына ерекше тоқталғым келеді, оның өзегінде адам құқықтары мен таңдау еркіндігі жатыр - дәл осы қағидат бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде аса маңызды. Қазақстан орнықты және адам игілігіне бағытталған дамудың қалай жүзеге асуы керек екенін жүйелі түрде көрсетіп келеді", - деп атап өтті Диене Кейта.
Сонымен қатар ЮНФПА өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі технологиялық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін және жасанды интеллект шешімдерінің енгізіліп жатқанын атап өтті. Астана қаласындағы қалалық ауруханаға барған кезде Диене Кейта медициналық мекеменің заманауи жабдықталуына назар аударып, оның әлемнің жетекші клиникалары деңгейіне сәйкес келетінін айтты.
Анықтама: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда ана өлімінің көрсеткіші 35%-ға, нәресте өлімінің көрсеткіші 25%-ға төмендеген. Елімізде болашақ аналардың денсаулығын нығайтуға бағытталған "Аналар саулығы" кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлерде 90 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.05.2026, 19:19 82206
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.05.2026, 19:16 82501
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, - деді Президент.
Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.
Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.
Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады. Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан. МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.
Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.05.2026, 14:38Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді 15.05.2026, 19:40 516Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті15.05.2026, 20:43 371Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты15.05.2026, 21:45 246Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 20:53 136Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті
09.05.2026, 10:20 143806Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді08.05.2026, 09:04 126921ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды12.05.2026, 12:24 89191Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады12.05.2026, 14:35 88561Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды12.05.2026, 15:39 88266Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды
17.04.2026, 20:43 439971Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439476Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты17.04.2026, 10:55 438781Агробиотехникалық ынтымақтастық: Ғабидолла Оспанқұлов француз компаниясымен кездесті29.04.2026, 15:15 382956Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 382796Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

