12.05.2026, 15:39 1091

Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды
Сурет: Depositphotos
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын. Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының назарын Қазақстанда және көрші елдерде шегірткенің таралуына байланысты қалыптасқан ахуалға аударды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл көршілес мемлекеттерде шегіртке зиянкестерінің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралуы болжанып отырғанын баяндады. Шекара маңындағы аумақтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде, зиянкестердің ұшып келу қаупі туындаған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техниканы тарту көзделген. Жалпы республика бойынша 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, қажетті техника, мамандар мен препараттар дайындалды.

Мұнда ең бастысы - уақытты жіберіп алмау. Техника да, химиялық заттар да бар, барлық жұмысты дер кезінде жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны