13.04.2026, 21:35 4011

Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Француз Республикасының Парламенті Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының төрайымы - Франция Сенатының "Франция - Орталық Азия" достық тобының мүшесі Валери Буайе бастаған делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар қазақ - француз стратегиялық әріптестігінің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Энергетика, көлік, және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тиімді құралы ретінде парламентаралық диалогты кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі дәйекті дамытуға өзара ниетілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны