12.06.2026, 17:45 76

Белградта Қазақстан - Сербия экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Сербия Президенті А.Вучичтің Астанаға жасаған ресми сапарының (2026 жылғы 26-27 ақпан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Елші М.Атамқұлов серб тарапын осы бағыттағы жұмыстардың барысымен таныстырып, екі мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау ынтымақтастықтың жаңа әрі ауқымды мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.

Өз кезегінде министр Н.Попович серб үкіметі барлық уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға берік ұстанымын растады және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қатынастардың даму серпініне қосымша күш беруге бағытталған алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны