22.05.2026, 21:31 816

Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшыларының қатысуымен ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Жиында ЕАЭО-ның ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерін қайта құру және техникалық жағынан жете жарақтандыру барысы қаралды.

Жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесін қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, оның ішінде құрылыс жұмыстарын өткізу пункттерінде заманауи бақылау жүйелерін енгізу ісімен ұштастыру шаралары арнайы талқыланды.

Жаңғырту жұмыстары өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттыруға, азаматтар мен тасымалдаушылардың шекарадан өту уақытын қысқартуға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, құрылыс сапасы мен мерзімдеріне қатаң бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тікелей нысандардың өзінде жұмыс барысына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны