08.06.2026, 12:18 701

Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Бауыржан Мырзакеров Түркістан облысының прокуратурасына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.


Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.

2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны