05.06.2026, 10:50 9536

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Қазақстанға мамырдың соңы - маусымның басында жүзеге асырылған ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзидің, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньциннің, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның, сондай-ақ ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар 2026 жылы жоспарланған алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін жеке талқылады.

Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Қытай Елшілігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны