29.05.2026, 20:26 1036

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды
Сурет: Akorda
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Аталған Жол картасы Қазақстан Президентінің 2025 жылы 14-15 қараша күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзіндегі жалғасы ретінде қабылданды.

Құжатқа өнеркәсіп, мұнай химиясы, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, туризм және "жасыл" энергия салаларын қамтитын жаңа жобалар енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны