13.04.2026, 19:54 4206

Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады

Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның ағымдағы жұмысы туралы мазмұнды әрі сындарлы пікір алмасу өтті. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҰҚШҰ Бас хатшысы ағымдағы жылдың маусым айында Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өткізілуі жоспарланып отырған Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар Ұйымды одан әрі нығайту мақсатында ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық әскери-саяси ұйым болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны