04.06.2026, 12:00 2186

Дубайда "Орталық Азия назарда: Қазақстан және Қырғызстан" атты іс-шара өтті

Орталық Азия өңірінің әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі ретіндегі маңызы атап өтілді
Дубай қаласындағы Eurasia Gulf Club алаңында "Central Asia Focus: Kazakhstan and Kyrgyzstan" атты іс-шара өтіп, оған бизнес қауымдастық, инвестициялық орта, дипломатиялық корпус және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Дубай қаласы мен Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат және БАЭ Сыртқы істер министрінің кеңесшісі әрі БАЭ-нің Қасиетті Тақ (Ватикан) жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Омар Сайф Ғобаш қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Орталық Азия өңірінің әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі ретіндегі рөлі атап өтіліп, өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту, цифрлық экономика мен жасанды интеллектіні дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы мен жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жетістіктер туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуына ерекше назар аударылды. БАЭ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының бірі екені және БАӘ-ден тартылған тікелей инвестициялар көлемі 1,6 млрд АҚШ долларына жеткені атап өтілді.

Іс-шара соңында Дубайдың бизнес қауымдастығы өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен тереңірек танысуға және Орталық Азия елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге шақырылды.

Аталған іс-шара Қазақстанның экономикалық мүдделерін ілгерілетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан, БАӘ мен Орталық Азия елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны