04.06.2026, 11:33 42301

Қазақстан мен Кипр бизнес байланыстарын нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Кипр бизнес байланыстарын нығайтуға ниетті
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Астанада Қазақстан-Кипр бизнес-форумы өтіп, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Форумға ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов, Кипр Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ставрос Ставру, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарушы директоры Әсел Суанкулова және екі елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Ғабидулла Оспанқұлов Қазақстанда кипрлік капиталы бар 400-ден аса компания жұмыс жасап жатқанын, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрландыру мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіне тоқталды.

Өз кезегінде Әсел Суанкулова Қазақстанның инвестициялық климатының артықшылықтары мен инвесторларды қолдау тетіктерін таныстырды.

Форум аясында инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылып, бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны