04.06.2026, 18:13 24131

ЖИ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңдарында талқыланды

Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 23 мыңнан аса компания тіркелді
XXIX Петербург Халықаралық экономикалық форумының алаңдарында "Өнеркәсіптік трансформация және жасанды интеллект: Ресей мен Қазақстандағы бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында бизнес-диалог өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырды.

Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, іскерлік және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, екі елдің кәсіпкерлері қатысты.

Кездесуді аша отырып, оның модераторы, "Russian Business Guide" журналының бас редакторы Мария Суворовская Ресей мен Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін цифрлық құралдар мен шешімдерді, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізу бірден бірнеше маңызды бағыттар: өнеркәсіпті жаңғырту, инновацияларды дамыту, позицияларды, соның ішінде, халықаралық нарықтарда нығайту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

Осы тұрғыда Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Ресей бөлімінің төрағасы Наталья Крючкова екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айрықша ерекшелігіне назар аударды. Оның байқауы бойынша, Қазақстанмен өзара іс-қимыл локализация мен қатысу үрдісінің арқасында одан әрі тереңдей түсуде. Ол соңғы мәліметтер бойынша республикада росс капиталдың қатысуымен 23 мыңнан астам компания тіркелгенін айтып өтті - бұл қарым-қатынастың ұзақ мерзімді сипатта дамып жатқандығының жарқын мысалы.

Өз тарапынан ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық қызметтердің даму деңгейі бойынша республика Online Services Index рейтингінде 10-шы және ТМД бойынша 1-ші орында. Бұл Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы өзінің тиімділігін дәлелдегенін, халықаралық деңгейде танылғанын растайды және оны дамыту тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін, - деп түйіндеді ол.

KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың бағалауы бойынша Ресеймен арадағы ынтымақтастық әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отыр. Ол ресейлік инвесторларды белсенді бірлескен жұмысқа шақырып, ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялардың ішінен салықтан босату мен үшінші елдердің нарығына шығарылатын экспорттық тауарлардың логистикасын субсидиялау шараларын атап көрсетті.


Тақырыпты "ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Ахмеров жалғастырды. Ол Қазақстанда жұмыс істеу жалпы алғанда жеңіл әрі жайлы екенін мойындап, бұл - қызметті жүзеге асыру үшін жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуда икемділік танытып отырған қуатты мемлекет, - деп атап өтті.

Өз кезегінде, "Сбербанк" ЖАҚ аға вице-президенті, Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Владимир Ситнов банк саласында жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Росхим" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Елена Дмитриева Қазақстан мен Ресейдің шикізат материалдарының ауқымды қоры бар екенін еске салды. "Біздің міндетіміз - елдеріміздің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және қосылған құнды арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығару үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, берік негіз жасау, - деді ол.


Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары қазіргі заман талабы озық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізудің жаңа тәсілдерін қажет ететінін атап өтті. Олардың пікірінше, технологиялық трансформация жағдайында екі елдің мүддесі үшін бизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында табысты өзара іс-қимыл ерекше рөл атқарады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны