30.10.2020, 17:25 7144

Алматы ЖЭО-2 газға көшіру бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) - ҚР Экологиялық кодексінің талаптарында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген міндетті рәсім.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Алматы ЖЭО-2 газға көшіру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Оңтүстік мегаполистің басты жылуэлектрорталығын көмір отыннан газға көшіру жоспарына сәйкес әзірленген, "Қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту" жобасы тағы бір кезеңнен өтті. Бүгін Алматыда өткен Қоғамдық тыңдауда станцияның қоршаған ортаға әсер ету мөлшері және оны жаңғырту варианттарының салдары талқылаудың тақырыбына айналды.

Тыңдау бейнеконференцбайланыс форматында өтіп, оған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуші - "ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ" АҚ-тың, тапсырыс беруші - "АлЭС" АҚ-тың және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының өкілдері қатысты.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) - ҚР Экологиялық кодексінің талаптарында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде көзделген міндетті рәсім.

Жобаға қатысты толық құжаттамамен "АлЭС" АҚ-ның сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.ales.kz/ru/ustojchivoe-razvitie/153-ustojchivoe-razvitie-2/publichnye-slushaniya/1555-30-10-2020-goda-obshchestvennye-slushaniya-po-obsuzhdeniyu-s-zainteresovannoj-obshchestvennostyu-proekta-predvaritelnaya-otsenka-vozdejstviya-na-okruzhayushchuyu-sredu-k-teo-modernizatsiya-almatinskoj-tets-2-s-minimizatsiej-vozdejstviya-na-okruzhayushchuy

Іс-шара 11.00-де басталып, бір жарым сағатқа созылды. Тыңдау барысында айтылған кейбір негізгі тезистерді төменде көрсеттік.

- ЖЭО-2 тұрғындардың 64 %-ін және заңды тұлғалардың 36%-ін жылумен қамтамасыз ететін қаладағы ең ірі жылу көзі болып табылады. 2019 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВт, жылулық қуаттылығы - 1 411 Гкал/сағ. құрайды. Станция сегіз энергетикалық қазандықпен жабдықталған. Негізгі отын ретінде жобада көзделмеген отын - Екібастұздың тас көмірі пайдаланылады. Бір жылда шамамен 2,5 млн.тонна көмір тұтынылады.

- Қаладағы күрделі экологиялық ахуал жыл сайын атмосфераға 123 мың тоннадан астам зиянды заттарды шығарумен байланысты, бұл жерде негізгі үлес көліктің еншісінде: қалада 500 мыңнан астам машина бар және 200 мыңға жуығы шеттен келеді, сондай-ақ ЖЭО-2-нің шығарындылары. Қаланың ластану деңгейі, Алатау ауданын қоспағанда, оның бүкіл аумағында дерлік азот диоксидінің жоғары мөлшерімен және қаланың төменгі жағында, Жетісу мен Түрксіб аудандарында тоқтатылған бөлшектердің жоғары мөлшерімен сипатталады.

- ЖЭО-2-нің жалпы шығарындылар көлемі арқылы қала атмосферасына тигізетін әсері түрлі баға бойынша 13-тен 27%-ті құрайды. Ауа-райы қолайсыз кезде станция шығарындыларының түрлі заттар бойынша әсер ету аймағы шамамен 15-17 шақырым.

- ЖЭО-2-ні жаңғырту - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, табиғи газды немесе көмірді жағу кезінде атмосфераға зиянды заттар шығарылуын ЕК-нің талаптары деңгейінде қамтамасыз ететін заманауи газ тазалау қондырғыларын пайдалану арқылы зиянды заттар шығаруды төмендету секілді ТЭН-нің негізгі міндетін шешуге қаратылған.

- Алдын ала жасалған ҚОӘБ және варианттарды экономикалық тұрғыдан бағалау нәтижелері бойынша, жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2-ні газға көшіру вариантын іске асыру ұсынылды. Бұл вариантта ең жоғары экологиялық тиімділікке қол жетеді - шығарындылар 2019 жылға қарағанда 5,5 есе төмендейді. Бұл орайда, көмір жаққанда пайда болатын күкірт диоксиді мен тоқтатылған бөлшектер мүлдем шығарылмайды, әсер етудің ауқымы мен жиілігі қысқарады, халықтың денсаулығына төнетін қатер де азаяды, деп көзделуде.

- Газға көшкен кезде тұтынушыларға берілетін жылудың тарифы көтеріледі деп күтілуде. Бұл газ отынның екібастұз көмірінен айтарлықтай қымбат болуымен байланысты.

- "ҚР Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына" сай, жұмыс істеп тұрған көмір станциялары 2013 жылдан бастап қол жетімді инфрақұрылым, газдың жеткілікті көлемі болғанда және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келгенде ғана газға көшіріледі.

Бүгінгі таңда ТЭН-ді әзірлеу аяқталып келеді. Келесі кезеңде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы қоса отырып, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама өткізу көзделуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны