16.05.2012, 12:40 3336

1 маусымға дейін астық егетін негізгі өңірлерде көктемгі егістік жұмыстары аяқталады

2012 жылдың 1 маусымына қарай астық егетін негізгі өңірлерде егін егу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады "Қазақстан Астық Одағы" ЗТБ президенті Нұрлан Тілеубаев Үкімет отырысының барысында.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - 1 маусымға дейін астық егетін негізгі өңірлерде көктемгі егістік жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 1 маусымына қарай астық егетін негізгі өңірлерде егін егу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады "Қазақстан Астық Одағы" ЗТБ президенті Нұрлан Тілеубаев Үкімет отырысының барысында.

"Астық егетін негізгі үш облыста көктемгі егістік жұмыстары басталды. Астық егу барысында ешқандай қиындық туып отырған жоқ, ауыл шаруашылық техникалары 100 пайызға дайын. Менің ойымша, 1 маусымға қарай егін егу жұмыстары аяқталады", - деді Н.Тілеубаев.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін қазір қолда бар келісімшарттар мен темір жолдардың мүмкіндіктеріне қарай, 3 млн. бидай және астық түрінде 1 млн. ұн тиеледі. Осыған байланысты астық егетін үш облыстағы (Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы) элеваторлар шамамен 55-60 пайызға толады, бұл егін ору кезінде кедергілердің туындауына жол бермейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны