14.11.2006, 15:20 2821

2006 жылдың 9 айында ҚР мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды

АСТАНА. 14 қараша . Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстанның мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Наталья Коржова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл көрсеткіш 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда үкіметтің және Ұлттық банктің ішкі қарыздарына байланысты 138,8 млрд. теңгеге өскен",-деді Н.Коржова. Оның ақпараты бойынша, үкіметтің қарызы 593,1 млрд. теңге , бұл жыл басындағы көрсеткіштен 57,6 млрд. теңгеге артық. "Солай болса да, Жалпы ішкі өнімге шаққанда үкіметтің қарызы төмендеген, бұл біздің ойымызша Қазақстан экспортына бағаның жоғары болуынан",-деп атап өтті қаржы министрі.

Н. Коржованың мәліметінше, "Қазақстан ІЖӨ қатысты мемлекеттік қарыз бойынша-10% төмен әлемдегі бірден бір ел. Бұл көрсеткіш орташа алғанда ЕО елдерінде шамамен 50% құрайды. "Мемлекеттің кепілдік берген қарызы 80,3 млрд. теңгені құрады, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 1 млрд. теңгеге көп",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны