13.02.2007, 12:41 3077

2006 жылы мемлекеттік бюджет кірісі 2,5 трлн теңгені құрады , бұл жоспардан 6,5% артық

АСТАНА. 13 ақпан. Kazakhstan Today. 2006 жылы бюджет кірісі 2,5 трлн. теңгені құрады , бұл жоспардан 6,5 % артық . Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында республиканың қаржы министірі Наталья Коржова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Коржованың мәліметінше , мемлекеттік бюджет шығыны 2,4 трлн теңгені құрады, немесе жоспардың 98,6 пайызына тең. " Жоспарланған тапшылық 136,4 млрд. теңге болса, профицит 81,6 млрд теңгені құрады",деп атап өтті Н.Коржова.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 108,9% орындалып, бюджетке 2,3 трлн теңге кіріс кірді. "Мемлекеттік бюджет кірісі бойынша жоспар 109,8% немесе 1,85 трлн теңге көлемінде орындалды",-деді қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны