03.07.2006, 13:55 3055

2006-жылы Қазақстанда 15-16 млн. тонна түсім жиналады – ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, 2006-жылы Қазақстанда 15-16 млн. тонна түсім жиналады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз биыл түсім ойдағыдай болады деп болжап отырмыз. Алайда күн райы ахуалы саңырауқұлақ дертінің таралуына қолайлы жағдай жасап отыр. Егер шаруашылықтар аталмыш ауру түрлерімен күрес шараларын дер кезінде қолданып шыдаса, онда шамамен 15-16 млн. тонна астық жиналады”,- деді бүгін журналистермен өткен кездесуде ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов.

“Біз биыл көктемгі тұқым себу шараларын уақытында бітірдік. Тұтастай алғанда қазір егістік дақылдарының ахуалы жақсы деп бағалануда. Еліміз бойынша егіс нашар болу жағдайы 5 процент жерде ғана тіркелген”,- деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны