14.06.2007, 14:10 2850

2007 жылдың алғашқы бес айында Оңтүстік Қазақстан облысына сырттан келген цемент импорты бес есе өскен - Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаменті

ШЫМКЕНТ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстандағы цемент импорты бес есеге жуық өскен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің мәліметі бойынша үстіміздегі жылдың алғашқы бес айында облысқа жалпы құны 6 млн 777 мың долларды құрайтын 110 303 тонна цемент әкелінген. Ал өткен жылдың осындай уақытында 1 млн 275 мың долларға 24 337 тонна өнім әкелінген. "Өсу көлемі 4,5 еседен де көп болып шықты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұсынылған декларацияларға сәйкес, Ираннан - 902 тонна (2006 жылдың қаңтар - мамыр айларында 431,5 тонна әкелінген), Қытайдан - 426 тонна (179,5 тонна) және Өзбекстаннан - 108 975 тонна (23 337 тонна) цемент әкелінген. Өткен жылы, сондай-ақ, цемент Венгриядан - 57,6 тонна, Түркиядан - 11,2 тонна, Ресейден - 320 тонна енгізілген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің мәліметтері бойынша, облыстың екі цемент зауыты бірлесіп шамамен 1 млн 200 мың тонна цемент шығарады деп болжанып отыр (шымкенттік - шамамен 900 мың тонна және састөбелік - шамамен 300 мың тонна). Өткен жылы 700 мың тоннадан астам цемент шығарылған болатын.

Облыстық Құрылыс департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылы тұрғын үй мен әлеуметтік бағыттағы нысандар құрылысына 12 млрд 715 млн теңге қарастырылған. 2007 жылы осы мақсатқа 16 млрд теңге бөлініп отыр. Яғни, былтырғымен салыстырғанда өсу көрсеткіші 32 пайызды құрады. Сонымен қатар, жекеменшік құрылыс көлемінің де өсу көлемі белсенді түрде жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны