01.06.2007, 13:34 2360

2007 жылдың мамырында Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8924 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 1-маусым. Kazakhstan Today. 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 8924 теңгені, соның ішінде азық-түлік тауарлары 5354 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 3570 теңгені құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны