04.06.2007, 18:32 2957

2007 жылы "ҚазАгроФинанс" ауылшаруашылығына 30 млрд теңгеге жуық инвестиция жұмсамақ

АСТАНА. 4 - маусым. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы "ҚазАгроФинанс" АҚ ауылшаруашылығына 30 млрд теңгеге жуық инвестиция жұмсамақ. Бұл туралы бүгін өткен брифингте компания басқармасының төрағасы Ибрагим Тагашев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2007 жылы бізге бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген, сонымен қатар біз осы жылы бағдарламаларды жеке және тартылған қаржы көздердің есебінен жүзеге асыра бермекпіз. Біз осы жылы ауыл шаруашылығына жалпы 30 млрд теңгеге жуық инвестиция жұмсауда жоспарлап отырмыз",- деді Ибрагим Тагашев.

Ол, "ҚазАгроФинанс" ауылшаруашылық техникалары мен өңдеу жабдықтарын сатып алу жөніндегі жұмыс істеп жатқан бағдарламалардан басқа да бірқатар жаңа жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Мысалы, бағбаншылық және жүзім өсіруді дамыту жөніндегі, заманауи жабық жеміс өсіру кешендерін құру жөніндегі бағдарламаларға инвестиция салу жоспарлануда.

Ибрагим Тагашев сондай-ақ, атап айтқанда тамшылап суару технологиясын енгізу арқылы тиімді диқаншылыққа өту жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 28 млн теңгеге жуық қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланғанын хабарлады. Сонымен қатар, "ҚазАгроФинанс" Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ірі тауарлық сүт фермасын құру жөніндегі пилотты жобаны жүзеге асыру үшін Канададан асыл тұқымды мал сатып алуды қаржыландырмақ. Компания басшысының ақпараттарына сүйенсек, Канададан асыл тұқымды 1600 бас (әрбір шаруашылыққа 800 бастан) мал сатып алу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны