21.01.2008, 16:07 2760

2007 жылы Қазақстанда таза салмағында астық түсімі 20,1 млн тоннаны құрады - ҚР АШМ

2007 жылы Қазақстанда таза салмағында астық түсімі 20,1 млн тоннаны құрады - ҚР АШМ

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Қазақстанда таза салмағында астық түсімі 20,1 млн тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында аталмыш министрліктің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Соңғы үш жылда республикада астық тұқымдастардың өндірілуі оның алдындағы үш жылмен салыстырғанда 17% өсіп, 2007 жылы 20,1 млн тоннаны құрады", - деді А. Буць.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы 29-қараша күні ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі А. Құрышбаев Екінші астық форумы барысында 2007 жылы астық түсімі таза салмағымен 20 млн тоннадан артық болады деп болжаған болатын. "Астық түсімі өңдеуден кейінгі таза салмағы 20,1 млн тонна, оның ішінде бидай 16,6 млн тоннаны құрайды деп ойлаймыз", - деген еді сол кезде А. Құрышбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны