28.05.2008, 16:43 4394

2007 жылы Қазақстандағы мәдениет саласында 7 мыңнан астам ұйым қызмет еткен - статистикалық агенттік

2007 жылы Қазақстандағы мәдениет саласында 7 мыңнан астам ұйым қызмет еткен - статистикалық агенттік

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы Қазақстанда мәдениет саласында 7 200 ұйым жұмыс істеген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"2007 жылы мәдениет, ойын-сауық және демалыс салалары бойынша республика халқына 55 театр, 77 кинотеатр, 195 мұражай, 3935 кітапхана, 2824 клуб, 67 концерттік ұйымдар мен 63 саябақ қызмет көрсеткен", - деп көрсетілген статистикалық агенттіктің хабарламасында.

"Республикадағы театрлар саны 2006 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға өскен. Театр ұжымдары 10 219 спектакль қойған (2006 жылғыдан 4 пайызға артық). Көрермендер саны 0,5 пайызға азайып, 1826,9 мың адамды құраған", - деп жазылған мәтінде.

Статистика жөніндегі агенттіктің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы 172,3 мың киносеанс болған. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 31,8 пайызға көп. Кинотеатрлардың көрермендерінің саны 6414,1 мың адамды құраған.

"Концерттік ұйымдар 7100 концерт қойған. Оның ішінде 6762 концерт өз облыстарының аумағында ұйымдастырылған (филармониялық концерттер 51 пайыз, эстрадалық - 49 пайыз). 338 концерт өз облыстарынан тысқары Қазақстан бойынша болған", - деп атап көрсетті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, статистикалық агенттікте 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда кітапханалар (2,3%) мен оқырмандар (2,1%) саны өскенін хабарлады. Кітапханаға келушілердің саны 2,9 пайызға өсіп, 38,9 млн адамды құраған.

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасындағы мұражайлар 2544,1 мың экспонатты құрайтын негізгі қорға ие болып отыр. Мұражайға келушілер саны 2006 жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға өсіп, 4543 мың адамға жеткен. "2007 жылы мұражайлар таныстырушының қатысуымен 84,7 мың экскурсия жүргізген", - деген ақпарат ұсынды статистика жүргізушілер.

Клубтық сипаттағы мекемелер былтыр 222,1 мың мәдени шара өткізген. Бұл 2006 жылғыдан 9,4 пайызға жоғары. Өзіндік шығармашылық ұжымдарының саны 875-ке ұлғайып, 10 936-ны құраған.

Ойын-сауық және демалыс саябақтары 2127 мәдени-бұқаралық шаралар өткізген. Ол оның алдындағы жылғыдан 9,9 пайызға жоғары. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бос уақытты өткізетін 1089 нысанның 83,8 пайызы аттракциондардың үлесіне тиеді екен.

Хайуанаттар бағын тамашалаушылар саны 2006 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға көтеріліп, 589,1 мың адамға жетті, деп хабарлады статистика жөніндегі агенттік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны