11.02.2008, 16:22 2697

2007 жылы "Қазына" ТДҚ компаниялар тобының кірісі 4,8 млрд теңгені құрады

2007 жылы "Қазына" ТДҚ компаниялар тобының кірісі 4,8 млрд теңгені құрады

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ құрамына кіретін компаниялар тобының кірісі 4,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін қордың басқарма төрағасы А.Дунаев мекеменің алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қор компаниялар тобының іс-қызметінің нәтижелері бойынша шығындар азайып, кіріс көлемі артты. Мәселен, "Қазына" қорының қарамағындағы компаниялар тобының шығыны 2006 жылы 4,6 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы табыс 4,8 млрд. теңгені құрады", - деп мәлім етті А. Дунаев. Ол, басты компания "тұңғыш рет қаржылық жылды оң нәтижемен аяқтады" деп атап көрсетті.

А. Дунаевтың айтуынша, 2001 жылдан 2006 жылдың үшінші тоқсанына дейін даму институттары қаржылық жылдарын шығынмен аяқтап келген. Мәселен, "Қазына" қорының қарамағындағы компаниялар тобының шығыны 2006 жылы 4,6 млрд. теңгені құрағандығын атап өтті. Сонымен қатар, "басты компанияны құрғанға дейінгі жылдар ішінде даму институттары жалпы 2,1 млрд АҚШ долларына жуық қаржыны құрайтын жобаларды мақұлдаған, оның 1 млрд АҚШ доллары даму институттарының үлесінде".

"Қазына" компанияларының тобы өткен жылы жалпы сомасы 4,6 млрд. доллар болатын жобаларды мақұлдады, ондағы даму институттарының үлесі 1,4 млрд. долларды құрайды. Даму институттарының бүкіл тарихында 170-тен астам жоба мақұлданса, оның 76-сы өткен жылдың үлесіне тиіп отыр. Бұл мақұлданған жобалардың 44 пайызын құрайды",- деп атап көрсетті А. Дунаев.

А. Дунаев сондай-ақ, "Қазына" қоры құрылғанға дейін жобалар қоржынының сапасы айтарлықтай төмен болғандығын, ал даму институттары қоржынының өсімі тек 20 пайызды ғана құраған, ол кезде коммерциялық банктер қоржынының өсімі 50-70 пайыз болғандығын" атап өтті. Сонымен қатар, институттардың несиелік қоржынының айтарлықтай өсіп, қазіргі уақытта "Қазына" қорының құрамындағы даму институттарының инвестициялық қоржыны 6,6 млрд. долларды құрап отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны