07.05.2007, 12:49 2570

2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 7 -мамыр. Kazakhstan Today . 2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еліміз бойынша заңдастырылған мүліктің жалпы құны 328,1 млрд теңге, немесе $2,735 млрд, заңдастырылған қаржының жалпы көлемі 131,6 млрд теңге, немесе $1,096 млрд болды", - дедіН. Рахметов. Оның айтуынша, аймақтар бойынша алғанда Алматы (106,8 млрд теңге), Астана (9,9 млрд теңге), Алматы облысы (3,7 млрд теңге) алдыңғы орында келеді. "6,3 млрд теңге шетелдерден келді", - деді салық комитетінің төрағасы.

Н. Рахметовтың ақпаратына сәйкес, республикалық бюджетке заңдастыру төлемі ретінде 15,3 млрд теңге алым жиналды. "Салық органдары арқылы іс жүзінде 406 мың өтініш бойынша 26,2 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды", -деді ол.

Өз кезегінде республиканың әділет министрі Зағипа Балиеваның хабарлауынша, 3-мамырдағы жағдаймен 1 млн 200 мың жылжымайтын мүлік нысандарын заңдастыруға 1 млн 350 мың өтініш келіп түсті. "Соның ішінде 902 500 тұрғын үй нысаны, 312 884 тұрғын үй емес жылжымайтын мүлік нысаны бар", - деді З. Балиева. Оның айтуынша, заңдастырылған мүліктің жалпы құны 163 млрд 170 млн теңгеге жетті.

"Қазіргі жағдаймен аумақтық органдарда заңдастырылған 473 939 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелді, жылжымайтын мүлікті заңдастырудан бюджетке 757 млн 611 мың теңгенің түсімі түсті", - деді З. Балиева. Министрдің пайымдауынша, шараның мерзімін ұзарту "қосымша 90 мың азаматқа өз мүлкін заңдастыруға мүмкіндік берді".

З. Балиева жылжымайтын мүлікті заңдастыру комиссияларының жұмысы жақсара түскенін атап өтті. "Егер наурыз айында келіп түскен өтініштер бойынша заңдастырылған жылжымайтын мүлік көлемі 55% болса, қазір жылжымайтын мүліктің 90% заңдастырылды",- деді ол. Сонымен бірге заңдастырылған жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын мемлекеттік тіркеу жөніндегі аумақтық әділет органдарының жұмысы да жақсара түскенін айта кету керек, соның нәтижесінде қазір заңдастырылған мүліктің 39% тіркелді. Ал тіркеу функциясын бергенге дейін небәрі 50 880 нысан ғана тіркелген болатын", - деді ол. "Бұл көрсеткіш шара аяқталған тұста 100 процентке жетеді деп ойлаймын", - деді З. Балиева.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, "азаматтар мен заңды тұлғалардан мүлік заңдастыру жөніндегі комиссиялардың шешімдері мен әрекеттеріне айтатын шағымдар мен сындар әлі тыйылған жоқ". "Көп жағдайда азаматтар шешімдермен келіспейді, бұған қоса өтініштерді қарау мен құжаттарды рәсімдеу мерзімін созу оқиғалары кездеседі. Осыған байланысты шағымдарды қарауға атүсті қарау мен оны шешуден негізсіз бас тарту деректерін түбірімен жою қажет", - деді З.Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны