04.07.2007, 11:14 2588

2007-жылдың аяғында Қазақстанның алтынвалюта қоры 40 млрд доллардан асады - президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылдың аяғында Қазақстанның алтынвалюта қоры 40 млрд доллардан асады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс сьезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н. Назарбаевтың атап көрсетуінше, 2007-жылдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 7 мың АҚШ долларына жетеді. "Бұл 2004-жылғыдан екі есе артық, ал 90-шы жылдардың орта шенімен салыстырғанда 10 есе артық", - деді ол.

Президенттің айтуынша, сондай-ақ, Жалпы ішкі өнімнің құрамындағы қызметтердің үлесі 5,2%-ке дейін, ал шағын және орта бизнестің тауары мен қызмет үлесі 30%-тен асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны