02.07.2007, 13:22 2893

2007-жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялардың көлемі 3,2 есе өсті

АЛМАТЫ. 2-шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялардың көлемі $40 101,0 жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда $27 413,8 млн өсті, немесе доллар эквивалентімен 3,16 есе өсті. Ал теңге эквивалентінде аталған айналым 3,07 есе өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "Ирбис" қаржылық жаңалықтар агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасындағы негізгі ( таңертеңгі) сессия аясындағы барлық сауда-саттықтар бойынша есептелген теңгенің долларға шаққандағы орташа нарықтық бағамы 2007-жылдың 1 -қаңтары мен 2007-жылдың 30-маусымы аралығында бір долларға 123,22 теңге, биржадағы барлық сауда-саттықтар бойынша бір долларға 122,91 теңге болды.

Биржалық бағам бойынша теңгенің долларға шаққандағы нығаю жылдамдығы ағымдағы жылы 2007-жылдың 30-маусымында жылдық 7,49% құрады. Алғашқы алты айда номиналдық тұрғыда теңгенің долларға шаққандағы нығаюы 3,69% болды.

2006-жылы теңге долларға шаққанда номиналдық тұрғыда 5,06%-ке нығайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны