25.07.2007, 16:06 2526

2007-жылдың І жартысында Изербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 198 млн доллардан асты

БАКУ. 25 шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылдың І жартысында Изербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 198 млн 382,9 мың доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Изербайжанның Мемлекеттік кеден комитетінен хабарлады.

Мемлекеттік кеден комитетінің ақпаратына сәйкес, аталған көлем аясында Қазақстанға шығарылған экспорт үлесі 110 млн 723,1 мың долларды (жалпы экспорттың 4,4%), импорттың үлесі - 87 млн 659,8 мың долларды( жалпы импорттың 3,6%) құрайды. 2007-жылдың І жартысында Изербайжан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының оң сальдосы 23 млн 063,2 мың долларға жетті.

Жалпы алғанда Изербайжанның ТМД елдерімен арадағы сыртқы сауда айналымы 2007-жылдың І жартысында 1 млрд 133 млн 612,5 мың долларға, немесе Изербайжанның жалпы сыртқы сауда айналымының 29,3% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны