25.06.2007, 15:28 2465

2007-жылдың қаңтар-мамыр айларында Изербайжан арқылы Қазақстан мен Түрікменстан мұнайын транзитті тасымалдау көлемі 21,5%-ке азайды

БАКУ. 25 -маусым. Kazakhstan Today. Middle East Petroleum (MEP) компаниясы 2007-жылдың қаңтар-мамыр айларында Изербайжан арқылы Қазақстан мен Түрікменстан мұнайын транзитті тасымалдау көлемін 2006-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 21,5%-ке азайтты , деп хабарлайды Kazakhstan Today тлшісіне компаниялдағылар.

Компанияның мәліметіне сәйкес, есепті мерзімде Баку және Дюбенди терминалдарымен 1 млн 217,241 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданды, бұл 2006-жылғы көрсеткіштен 22,1%-ке аз.

"Терминалдармен 645,737 мың тонна қазақстан мұнайы мен 571,504 мың тонна түоікмен мұнай өнімдері тасымалданды", - дейді компаниядағылар.

Мамыр айында Изербайжан арқылы Қазақстан мен Түрікменстан мұнайын транзитті тасымалдау көлемі 282,128 мың тоннаны құрады, оның 123,640 мың тоннасы қазақстан мұнайына, 158,488 мың тоннасы түрікмен мұнай өнімдеріне тиесілі болды.

2006-жылы Изербайжан арқылы 3,8 млн тонна Қазақстан мен Түрікменстан мұнайы транзитті тасымалданды. 2007 жылы транзит көлемі 3 - 4 млн тонна мұнайды құрайды деп болжануда.

Баку терминалын Azpetrol компаниясы мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және тасымалдау үшін 2001-жылы салып пайдалануға берген. Терминалдың 2 эстакадасы мен 2 причалы бар, тәулігіне 15 - 20 мың тонна мұнай қабылдай алады, ал жалпы алғанда жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдей алады. Оны Изербайжанның "Азтрансрейл" компаниясы басқарады, осы жылдың қаңтарында Middle East Petroleum бүтін жылға тасымал туралы шарт жасасқан.

Дюбенди терминалының қуаты жылына 10 млн тоннаны құрайды. Оны Middle East Petroleum компаниясының өзі басқарады.

Middle East Petroleum компаниясы Изербайжанның Azersun Holding холдингтік компаниясының құрамына кіреді және Қазақстан мен Түрікменстан мұнайы мен мұнай өнімдерін транзитті тасымалдауға маманданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны