13.11.2006, 10:42 2957

2007-жылға арналған республикалық бюджеттің тапшылығын Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізу межеленген

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізіледі. Осы жөніндегі шешім парламент палаталарының біріккен комиссиясында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Комиссия бюджеттің кіріс бөлігін өзгертпей-ақ, қаржыны қайта бөлу және бюджет тапшылығының болжамдық көлемін арттыру есебінен қосымша қаржы көздерін қарастыруға шешім қабылдады. Республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентінен 1,2 процентіне дейін жеткізіледі",- деп мәлімдеді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында комиссия төрағасы Кенжеғали Сағадиев.

Оның айтуынша, қаржыны қайта бөлу есебінен 38,8 млрд. теңге табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны