27.08.2007, 14:08 3182

2008 жылдан бастап ҚР Статистика жөніндегі агенттігі статистикалық ақпаратты пайдалану және тарату жүйесін модернизациялайды

2008 жылдан бастап ҚР Статистика жөніндегі агенттігі статистикалық ақпаратты пайдалану және тарату жүйесін модернизациялайды. Бұл туралы бүгін өткен селекторлық жиында агенттік төрайымы Анар Мешінбаева хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. 2008 жылдан бастап ҚР Статистика жөніндегі агенттігі статистикалық ақпаратты пайдалану және тарату жүйесін модернизациялайды. Бұл туралы бүгін өткен селекторлық жиында агенттік төрайымы Анар Мешінбаева хабарлады.

"2008 жылдан бастап заманауи технологияларды пайдалану, соның ішінде, порталға орналастыру есебінен статистикалық ақпаратты пайдалану және тарату тәртіптері өзгертіледі", - деді А. Мешінбаева. "Яғни, қағаз бетіндегі сансыз мәліметтер агенттік сайтындағы және электрондық үкіметтің порталындағы мәліметтердің статистикалық базасымен алмастырылады", - деді ол.

Сондай-ақ, статистикалық агенттік басшысының айтуынша, "оперативтік ақпарат электрондық тәсілмен де, қағаз бетінде де жарияланады, ал министрліктерге арналған салалық статистика электрондық таблицалар түрінде жеткізілетін болады".

"2008 жылдан бастап есептерді электрондық тасымалдағыштарда жинақтау жүйесі енгізіле бастайды. 2010-жылы біз статистикалық есепті 100% электрондық түрде жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деді А. Мешінбаева.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны