30.11.2007, 19:26 5504

2008 жылы Изербайжан мен Иран екі ГЭС құрылысын жоспарлап отыр

2008 жылы Изербайжан мен Иран екі ГЭС құрылысын жоспарлап отыр

Баку. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан мен Иран 2008 жылы шегаралық Араз өзенінде екі гидроэлектрстансасының құрылысын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Азерэнержи"АҚ вице президенті Марлен Аскеров мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

М. Аскеров атап өткеніндей, жоба бойынша, Изербайжанның территориясында Ордубад, ал Иран территориясында Маразад стансалары салынады.

"2008 жылдың ақпанына дейін әр жақ техникалық экономикалық негіздемесін бекітіп, содан кейін ғана, құрылыс жұмыстары басталады", - деп мәлімдеді Аскеров.

Ал Изербайжан, Иран және Ресейдің энергия жүйесінің қосылуы, Ресей мен Иранның кінәсінен кешіктіріліп жатыр. "Бұл жобаның орындалмауы Иран мен РФ қуат көздерін жеткізу жөнінде уағдаластыққа келе алмауында. Ресей жағы қуат көздерін алып-сату жағдайында жіткізуді алға тартса, Ирандықтар энергиямен алмасуды ұсынып отыр. Изірге, екі жақ ешқандай келісімге келмегендіктен, келіссөздер жалғасуда. Ал Изербайжан өз кезегінде бұл жобаны кез келген шарт бойынша іске асыруға дайын ", - деді М. Аскеров.

Иран мен Изербайжан арасында Араз өзенінде жаңа ГЭС құрылыс салу жөнінде келісімі 2006 жылдың тамызында жасалды. Тиісті меморандумға Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Бакуге келген сапары кезінде қол қойылды .

Иран мен Изербайжан арасында жасалған келісім бойынша, Ордубад ГЭС Изербайжанның Нахчиван Автономия Республикасында салынады.

Ирбір ГЭС қуаттылығы 34 - 36 МВт.құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны