05.01.2010, 15:03 2813

2009 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 11983 теңгені құрады

2009 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 11983 теңгені құрады

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - 2009 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 11983 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орташа халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2009 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға өсті, 2008 жылғы желтоқсанмен - 1,6%-ға азайды. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,9%, нан өнімдерін - 9,8%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9%-ды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны