10.01.2014, 19:11 3047

2010-2013 жылдың қыркүйегі аралығында КО екі жақты сауда өсімінің жылдық орта мөлшерінің қарқыны 15,8% құрады

2012 жылы БЭК мүше елдерінің мемлекеттік сатып алу нарығының көлемі 198 млрд. долларды, ал Қазақстанның мемлекеттік сатып алу нарығы 7,6 млрд. долларды құрады.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2010-2013 жылдың қыркүйегі аралығында КО екі жақты сауда өсімінің жылдық орта мөлшерінің қарқыны 15,8% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап БЭК мүше елдері мемлекеттік сатып алуларға ұлттық тәртіптеме ұсынуда. Бұл өз тарапынан қазақстандық өнім берушілерге ресейлік және беларусь өнім берушілермен тең дәрежеде Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді,-деді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақ Келісімі жобасын талқылау жөніндегі отырыс барысында.

2012 жылы БЭК мүше елдерінің мемлекеттік сатып алу нарығының көлемі 198 млрд. долларды, ал Қазақстанның мемлекеттік сатып алу нарығы 7,6 млрд. долларды құрады.

"Серіктес мемлекеттер нарығы отандық нарықтан 26 есе артады. Бұл отандық тауар өндірушілерге даму әлеуетін арттыруға серпін береді",-деп түсіндірді Тимур Жақсылықов.

2012 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында құрылған ЕЭК-тің әрекеттесу жөніндегі консультативті кеңесі бизнеске тартуға сүбелі үлес қосты. Басты мақсаты - КО мен БЭК шешімдері шеңберінде қабылданған бизнес мүдделерінің есепке алу сапасын арттыру болды.

Кедендік Одақ құрылғаннан бері мүше елдер арасындағы өзара сауда жасау өсімі байқалады. 2010-2013 жылдың қыркүйегі аралығында КО екі жақты сауда өсімінің жылдық орта мөлшерінің қарқыны 15,8% құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны