01.02.2010, 12:01 3079

2010 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция 1,4%-ды құрады (толықтырылған)

2010 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция 1,4%-ды құрады (толықтырылған)

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - 2010 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы инфляция 1,4%-ды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,1%, азық-түлік емес тауарларға - 0,3%, ақылы қызмет көрсетулерге - 2,8% -ға өсті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес ,азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі жеміс пен көкөніске 2,9%, қантқа - 1,9%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға - 1,7%, кофе, шай және какаоға - 1,6%, май және мал майына - 1,2%, ет өнімдеріне - 1,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі нан және жарма өнімдеріне 0,6%, ал нанға - 0,5%, жармаға - 0,7%, күрішке - 1,4%, ұнға - 2,5%-ға тіркелді.

Баға деңгейі жуу және тазалау құралдарына 0,3%, киім мен аяқ киімге, ыдысқа - 0,5%-дан, газеттер және кітаптарға, жеке гигиена тауарларына - 0,7%-дан, фармацевтикалық өнімдерге 1%-ға өсті. Баға бензинге 2%-ға азайды, дизель отынына - 0,3%, көмірге - 0,7%-ға көтерілді.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі суық суға 9,7%, электр энергиясына - 9%, кәрізге - 5,8%, орталықтан жылытуға - 2,6%, ыстық суға - 1,7%-ға көтерілді.

Байланыс қызметтері 8,3%-ға (почта маркасы - 2,2%, телефон үшін абоненттік төлем - 18,1%) қымбаттады. Баға жергілікті темір жол жолаушылар көлігі қызметіне 6,5%, мектепке дейінгі білім беруге - 1,7%, денсаулық сақтауға - 1,3%, мәдениетке - 0,4%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны