01.06.2010, 11:02 3076

2010 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы мамырмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті

2010 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы мамырмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 2010 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы мамырмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистка агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы мамырда 2009 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 30%, кофе, шай және какаоға - 13,3%, кондитерлік өнімдерге - 8,5%, май және тоң майға - 6,6%, сүт өнімдеріне - 6%, алкогольді ішімдіктерге - 5,8%, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 5,3%-ға өсті. Бағаның төмендеуі ұнға 16,8%, жармаға - 6,3%, жемістер мен көкөністерге - 2,6%, нанға - 2,4%, макарон өнімдеріне - 0,7%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,4% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 10,7%, шұжық өнімдеріне - 7,8%, қой етіне - 4,8%, жылқы етіне - 5,7%, және құс етіне - 3,3%-ға жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны