14.12.2012, 09:12 3160

2012 жылдың 11 айы ішінде өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 0,6% ұлғайды

"Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,6% ұлғайды, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа айналымы 3,3% артты", - деді ведомство басшысы.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 0,6% ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

"Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,6% ұлғайды, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа айналымы 3,3% артты", - деді ведомство басшысы.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, өндіріс қалдықтарын жинау және тарату өндірісі 6,1% азайды деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, аталған мерзім ішінде ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім (қызмет) көлемі 1816,5 млрд. теңгені құраған.

Жалпы алғанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі қазіргі бағамен 15086,4 млрд. теңгеге жеткен, бұл 2011 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 0,4% артық. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді әзірлеуде өндіріс былтырғы жылғы деңгейде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны