15.05.2012, 11:26 3022

2012 жылғы қаңтар-сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,9 пайызға артты

2012 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,9%-ға өсіп, 48 481-ге жеткен.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтар-сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,9 пайызға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13 968 құрап, өткен аймен салыстырғанда 20,1%-ға өскен.

2012 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,9%-ға өсіп, 48 481-ге жеткен.

Статистика агенттігі деректеріне сай, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Алматы қаласы көш ілгері тұр. Онда сәуір айында 1 972 тұрғын үй, оның ішінде 269 жеке үй, 1 703 көп қабатты үй сатып алынып, сатылған. 1 972 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері санымен Шығыс Қазақстан облысы екінші орында келеді. Үштікті Оңтүстік Қазақстан қорытындылайды. Ондағы көрсеткіш - 1 296.

2012 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,9%-ға өсіп, 48 481-ге жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны