24.01.2013, 10:56 5142

2012 жылы "Қазатомөнеркәсіп" 11 мың тоннадан астам уран өндірді

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындардағы қатысу үлесін қоса есептегенде 2012 жылы 11,9 мың тонна уран өндірді, бұл бүкіләлемдік өндірістің 20%-дан астамына тең", - делінген ақпаратта.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 11,9 мың тонна уран өндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл бүкіләлемдік өндірістің 20%-дан астамына тең, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындардағы қатысу үлесін қоса есептегенде 2012 жылы 11,9 мың тонна уран өндірді, бұл бүкіләлемдік өндірістің 20%-дан астамына тең", - делінген ақпаратта.

2012 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 20,9 мың тонна уран өндіріліп, барлық жоспарлық көрсеткіштер толығымен орындалды.

"Қазақстан Республикасы алдын ала мәліметтер бойынша 55,7 мың тонна уранды құрайтын бүкіләлемдік уран өндірісінің 37% қамтамасыз ете отырып, уран өндірісі саласындағы өзінің көшбасшылық шебін сақтап қалды", - деп ақпарат таратты баспасөз қызметі.

Қазатомөнеркәсіптің келісім-шарттар бойынша экспорт көлемі 9,26 мың тонна уран концентратын құрады. Тантал өнімдерін өндіру көлемі 213 тоннаға, ниобий 43 тоннаға, бериллий 2526 тоннаға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны