19.02.2014, 19:50 3939

2013 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы инвестиция көлемі жағынан үшінші орында

"Инвестиция көлемі бойынша облыс аймақтар арасында Атырау облысы мен Астана қаласынан кейінгі үшінші орынды иеленді.Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 127,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейден 100,3%.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Облыс экономикасына есепті жылы жарты триллионға жуық (496,2 млрд. теңге) инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы көлемінен 11,9% артық.

"Инвестиция көлемі бойынша облыс аймақтар арасында Атырау облысы мен Астана қаласынан кейінгі үшінші орынды иеленді.Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 127,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейден 100,3%. Өсімдік шаруашылығы саласының нақты көлем индексі 110,2%, ал мал шар-уашылығы 95,9 % құрады", - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар саны 12,6% өсіп, 120,2 мың адамды құрады. Олар 431,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарды, бұл өткен жылғы деңгейден 3,3% артық. Осының нәтижесінде бюджетке салық және басқа да төлемдердің түсу көлемі 7,3%ұлғайды (115,6 млрд. теңге).

Бөлшек тауар айналымының нақты көлем индексі 110,8% жетті. Барлығы 335,7 млрд. теңгеге тауар өткізілді.

"Шоғырланған бюджетке (Ұлттық қормен қоса алғанда) түскен салықтар мен басқа төлемдер 614,5 млрд. теңгені құрады немесе болжамға 102,7% құрайды: оның ішінде республикалық бюджет- 182,7 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 75,0 млрд. теңге. 2013 жылы Ұлттық қорға 356,7 млрд. теңге жіберілді", - деп хабарлады әкімдікте.

Инфляция деңгейі 4,5% құрады немесе орташа республика бойынша 0,3 % төмен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны