08.12.2012, 18:05 3127

2013 жылдың маусымында Қашаған кен орнында тәулігіне 75 мың баррель мұнай өндірілетін болады

2013 жылдың маусымында Каспий теңізінің шельфінде Қашаған кен орны мұнай өндірудің коммерциялық деңгейіне көшеді, деп хабарлады "Продакшн Оперейшнс Компани Б.В." ҰҚ-ның атқарушы директоры Ханс Баккер.

Атырау. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың маусымында Қашаған кен орнында тәулігіне 75 мың баррель мұнай өндірілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың маусымында Каспий теңізінің шельфінде Қашаған кен орны мұнай өндірудің коммерциялық деңгейіне көшеді, деп хабарлады "Продакшн Оперейшнс Компани Б.В." ҰҚ-ның атқарушы директоры Ханс Баккер.

"Біз Қазақстанның Үкіметіне келесі жылдың маусымында мұнай өндіруді бастау міндеттемесін бердік. Бірақ өндіру жұмыстары ертерек басталады - көктемде. Ол коммерциялық өндіру болмайды. 2013 жылдың көктемінде бастап, маусым айына қарай коммерциялық өндіруге шығуды жоспарлаудамыз. Ол тәулігіне 75 мың баррель мұнайды құрауы тиіс", - деді Х.Баккер.

2000 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында табылған Қашаған мұнай кен орнында мамандардың бағалауынша шамамен 30 млрд. баррель мұнай қоры бар, деп еске сала кетеді ҚазАқпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны