01.04.2013, 19:04 23550

2013 жылғы наурызда инфляция 0,2% құрады

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы наурызда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағасы 0,2%-дан өсті. Ақылы қызметтердің баға индексі 100% құрады.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылғы наурызда инфляция 0,2% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы наурызда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағасы 0,2%-дан өсті. Ақылы қызметтердің баға индексі 100% құрады.

"Өткен айда баға өсімі арпа жармаға 2,3%, ұнтаққа - 2,1%, макарон өнімдеріне, жұмыртқаға - 0,6%-дан, балық және теңіз өнімдеріне, жемістер және көкөністерге - 0,5%-дан, күріш, қышқыл сүт өнімдеріне, пастерленген сүтке, шайға - 0,4%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,3%-ға өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармаға 1%, күнбағыс майына - 0,2%-ға тіркелді",-деп жазылған хабарламада.

Бағалар тұрмыстық тоқыма бұйымдарға 0,4%, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3%-дан, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,2%-дан өсті. Дизельдік отын 6,3%-ға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны