20.09.2012, 16:31 3086

2013 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 1 трлн 360 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы бүгін әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов мәлімдеген.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2013 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 1 трлн 360 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов мәлімдеген.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2012-2014 жылғы республикалық бюджетте әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек көрсетуге қомақты қаржы қарастырылған. 2012 жылы республикалық бюджеттен - 1 трлн 219 млрд теңге, яғни ағымдағы жылғы ЖІӨ-нің 4,2% бөлінген. 2013-2015 жылғы бюджет жобасы бойынша: 2013 - 1 трлн 360 млрд теңге, яғни ЖІӨ-нің 3,4%, 2014 жылы - 1 трлн 496 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 3,8%, ал 2015 жылы - 1 трлн 727 млрд теңге, ІЖӨ 3,2% бөлінеді деп жоспарланып отыр", деді Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны