17.02.2014, 19:48 2674

2013 жылы "Саламатты Қазақстан" мембағдарламасы аясында медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі үшін 140 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді - С.Қайырбекова

ҚР-да "Саламатты Қазақстан" мембағдарламасы аясында 2013 жылы медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі үшін 139 млрд. теңге бөлінді.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. ҚР-да "Саламатты Қазақстан" мембағдарламасы аясында 2013 жылы медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі үшін 139 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

""Саламатты Қазақстан" мембағдарламасы аясында 2013 жылы медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі үшін 139 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде амбулаториялық деңгейге 75 млрд. теңгеден астамы бағытталды. Стационарлық және амбулаториялық деңгейді негізге ала отырып тегін емдік дәрімен қамтамасыз ету тізімі оңтайландырылды", - деді С. Қайырбекова.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, үш мыңнан астам шалғай аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектерді бастапқы медициналық бөлімдер арқылы тарату ұйымдастырылған.

"Елбасының тұрғындардың дәрілік сауаттылығын арттыру тапсырмасы аясында дәрілік ақпараттық-сараптамалық орталықтар аймақтардағы бөлімшелерімен бірге ашылды. Сонымен, өткен жылы орталыққа 26 мыңнан астам азамат жүгінген", - деп министр өз ойын толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны