11.07.2014, 20:20 2848

2014-2020 жылдарға арналған Астананың айналасын дамытудың кешенді жоспары жасақталды

ҚР Өңірлік даму министрілігінің хабарлауынша, Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған Астананың шет аймақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары жасақталды.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. ҚР Өңірлік даму министрілігінің хабарлауынша, Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған Астананың шет аймақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары жасақталды.

Кешенді жоспарды қабылдау Астананың шет аймақтарындағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жүргізуге мүмкіндік береді, деп ведомстводан хабарлады.

Оның негізгі бағыттары көлік инфрақұырылымын, электрэнергиямен қамтамасыз ету нысандарын, коммуналды шаруашылық, білім және денсаулық нысандарын дамыту.

Сонымен, 24 мың орынға арналған 21 мектеп, 11940 бұлдіршінге есептелген 47 мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарланған. Оның үстіне бір ауысымда 3610 адамды қабылдай алатын 7 емхана және 1300 адамды қабылдай алатын отбасылы-дәрігелкі амулатория мен жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесін ашу көзделген. Сонымен қатар, автожолдарда салынатын болады.

Айта кетерлік жайт, Астананың шет аймақтарында жер көлемі 4168 га жерді құрайтын, бұрынырақ қалаға қосылған ескі 19 елді мекеннің 110 мыңға жуық тұрғыны тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны