16.06.2014, 19:36 7919

2014 жылғы қаңтар-сәуірде елімізде халық саны 0,5% өсті - Статагенттігі

2014 жылғы қаңтар-сәуірде жалпы елімізде халық саны 83,6 мың адамға немесе 0,5% өсті, 2013 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 254,3 мың адамға немесе 1,5% өсті.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылғы қаңтар-сәуірде жалпы елімізде халық саны 83,6 мың адамға немесе 0,5% өсті, 2013 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 254,3 мың адамға немесе 1,5% өсті.

2014ж. қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында 128,1 (127,7) мың туылғандар тіркелді, 2013 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,3% көп. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,55 (22,80) туғандарды құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 44,9 (48,4) мың адамды құрап, 2013ж. қаңтар-сәуірге қарағанда 7,2% кеміді. 1000 адамға шаққандағы өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 7,90 (8,65) қайтыс болғандарды құрады.

2014ж. қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2013ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,0 мың адамға немесе 5,0% көбейіп, 83,2 (79,2) мың адамды құрады. 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 14,65 (14,15) адамды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны