06.02.2014, 22:26 3111

2014 жылы ИЖТМ жылына 60 мың автомобильді өндіру межесін бағындыруды көздеуде - И.Исекешев

Машина жасау саласының өсу динамикасы бойынша салалардың ішінде көш бастап келеді. Ол жоспарды 112%-ға орындады немесе өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көліктердің өндірісі екі есе артты, ал автобус өндірісі төрт есе өсті. Биылғы жылы да машина жасау саласына көбірек көңіл бөлінетін болады. Ағымдағы жылы көлік өндірісі бойынша жылына 60 мың машина өндіру межесін бағындырмақшымыз.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. ИЖТМ ағымдағы жылы 60 мың автомобильді өндіру межесін бағындыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшысы Исет Исекешов хабарлады.

"Барлық салалық бағдарлама бойынша министрлік жүйелі жұмыс атқарды. Қазіргі таңда энергияны үнемдеу бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда, геология және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау жүріп жатса, 10 заң жобасы жасақталды. Қазақстанның тау-кен өндірісі 3,1%-ға, өңдеу саласы 1,6%-ға өсті. Ал, Ресейде өңдеу өнеркәсібі 0,1%-ға өссе, Беларусияда керісінше 0,8%-ға төмендеді", - деді Исет Исекешев.

Оның айтуынша, жақсы көрсеткішге индустрияландырудың негізгі бағыттары машинақұрылысы мен химия және фармацевтика салаларының өсімінің арқасында қол жеткізілді.

"Машина жасау саласының өсу динамикасы бойынша салалардың ішінде көш бастап келеді. Ол жоспарды 112%-ға орындады немесе өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көліктердің өндірісі екі есе артты, ал автобус өндірісі төрт есе өсті. Биылғы жылы да машина жасау саласына көбірек көңіл бөлінетін болады. Ағымдағы жылы көлік өндірісі бойынша жылына 60 мың машина өндіру межесін бағындырмақшымыз. Барлығымызға белгілі болғандай, осы жылы "Тойота" компаниясының жобасы аясында бірінші жол талғамайтын көлік шығарылады", - деп министр өз ойын толықтырды.

Бұдан басқа көлік өндірісі бойынша интеграциялық процестерді есепке ала отырып "Қимыл жол картасы" жасалды.

Жалпы, ведомствоның ақпараты бойынша, машина құрылысы саласының өсімі 114,6% құрап, өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көліктер 38 мыңға жуық (өсім 2 есе), автобустардың 922 данасы (өсім 4,5 есе) шығарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны