12.03.2014, 20:28 17941

2014 жылы ҚР-да 16 жылыжай кешені ашылады

Қазақстанда 11 га жер ауданын құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын ағымдағы жылы наурыз айының ортасында бастайды.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстанда 19,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық холдингі еншілес компаниялары 14,2 млрд.теңге сомасына 21 жоба пайдалануға берді. 2014 жылы 61,3 гектар жерде 27 мың көкөніс өнімдері мен көшеттер өндіруге мүмкіндігі бар, 19,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға беру жоспарлануда, деп "ҚазАгро" Холдингі" АҚ хабарлады.

Қазақстанда 11 га жер ауданын құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын ағымдағы жылы наурыз айының ортасында бастайды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары технологиялық "Аделя" ШҚ ЖК кешеніне "ҚазАгро" Ұлттық холдингі құрамындағы "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2,1 млрд.теңге инвестициялады. Көкөніс өсірумен 140-қа жуық мамандар айналысады. Өндірістің пайдалануға берілуімен осынша адам арнайы оқудан өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Республикамызда "ҚазАгро" Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 2008 жылдан бері жылыжай кешендері желісін құру және дамыту бойынша жобалар қаржыландырылуда. АӨК-де аталған бағытты қолдау қаржыландырудың түрлі көздерінен жүзеге асырылады, соның негізгісі Ұлттық қордан бөлінген қаржы арқылы. Жабық жерде көкөніс өсіру бойынша алғашқы өндірістік кешен құрылысы басталғанынан бері холдинг компанияларымен 33,5 млрд.теңге жалпы сомасын құрайтын 37 түрлі жылыжайлардың қаржыландырылуы мақұлданды. Олардың жиынтық жер көлемі 125,6 га құрайды, ал өндіріс қуаттылығы - жылына 50,1 мың тоннаға дейін өнімдерді өндіру. Қаржыландыру бағдарламаларының басты әкімшісі өндірістік негізде тәріздес кешендер құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыратын "ҚазАгроҚаржы" АҚ болып табылады. Холдинг құрамындағы басқы компания, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры микронесиелендіру бағдарламалары шеңберінде орта және шағын шаруашылықтарда аз шығынды және отбасылық типтес жылыжайларға қатысты қолдауды жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны